Іс-шараға қоғам өкілдері, жастар ұйымдары мен сарапшылар қатысты
Алматыда республикалық референдум қорытындысына арналған жақтастар форумы өтті. Іс-шараға қоғам өкілдері, жастар ұйымдары мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар конституциялық реформалар, азаматтық қоғамның дамуы, ғылым және медиа саласының рөлі жөнінде пікір алмасып, жаңа заңды талқылады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жиынның басты мақсаты - өткен референдумның қоғамдық-саяси маңызын саралап, елдің алдағы даму бағыттарын айқындау.
«Конституцияның қабылдануы барысында Ұлттық коалиция жұмыс жасаған болатын. Біздің жұмысымыздың барлығы Алматы қаласында 200-ден астам қоғамдық ұйым өкілі, 5 саяси партияның мүшесі, сонымен қатар жастардан құралған коалиция жұмысын атқарды. Конституция қабылдануында дәл осы азаматтардың үлесі бар деп айтуға толық негіз бар», – деді «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Дидарбек Ділдәбек.
Оқи отырыңыз: Алматының сарапшылар қауымдастығы Конституцияның халық бірлігінің берік негізі ретіндегі шешуші рөлін атап өтті