Алматыда Шаймерденов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Almaty.tv
Almaty.tv

. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шаймерденов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаймерденов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

29 тамыз сағат 06:00-ден 30 тамыз сағат 13:00-ге дейін Жандосов көшесінен Сейдімбек көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматының Қайрат шағынауданында су бұру желілерін тарту жұмыстары басталады