Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

28 тамыз сағат 23:00-ден 29 тамыз сағат 16:00-ге дейін Абай даңғылынан Қабдолов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Шаймерденов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады