Алматыда Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай 6 кітаптың тұсаукесері өтті

Кітапта бар ғұмырын ғылымға арнаған маманның зерттеулері жазылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көрнекті ғалым, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 100 жылдығына орай 6 бірдей кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Кітапта бар ғұмырын қазақ тіл ғылымына арнаған маманның кім екені, зерттеулері, қандай мәселе қозғағаны жазылған. Еңбектер "Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері" атты халықаралық конгресте көрермен назарына ұсынылды.

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология, лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Шора Сарыбаев – қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосқан белді ғалымдарымыздың бірі, академигі. Кітап жастардың қазақ тілінің қазіргі уақыттағы қолдану аясына үлкен үлес қосар деп есептейміз. Іс-шара Қазақстан ғана емес, бүкіл түркі елдерін біріктіретін бүкіл түркиялогиялық үлкен конгерсс форматында өтіп жатыр», - деді ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Білім және қоғамды дамыту орталығының басшысы Жеңісбек Төлен.

Айта кету керек, Шора Шамғалиұлы Сарыбаев – тіл ғылымы тарихында өшпес із қалдырған белгілі ғалым, академик. Ол моңғол және қазақ тілдерінің салыс­тырмалы грамматикасы бойынша бірқатар мақала жариялады. Сонымен қатар 300-ден астам монографияның, оқулықтың, ғылыми және публицистикалық мақаланың авторы, сөздіктер құрастырушы.  

«Мен осындай көрнекті ғалымның шәкірті болғанымды мақтан етемін. Бұл бір университеттің немесе бір мекеменің ғана деңгейінде өтетін іс-шара емес. Бұл түркі әлеміне танылған тұлғаға деген құрмет», - деді Ш. Сарыбаевтың шәкірті Кәрімбек Құрманәлиев.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді

Новости партнеров