Алматыда сот медициналық сараптаманың өзекті мәселелері талқыланды

Сарапшылардың пікірінше, жаңа құрылымның қалыптасуы азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізу құқығын қорғауды көздейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медициналық дауларды әділ қарау, пациент құқығын қорғау. Алматыда  сот медициналық сараптаманың өзекті мәселелері талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық медициналық комитеттің алғашқы отырысына бірнеше елден келген беделді дәрігерлер мен тәжірибелі сарапшылар қатысты. Басқосу барысында Халықаралық медициналық этика және құқық комитетінің төрағасы ұйым жұмысының «Ереже» жобасын ұсынып, оның басты қағидаттарын қатысушылардың талқысына салды. Сарапшылардың пікірінше, жаңа құрылымның қалыптасуы азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізу құқығын қорғауды көздейді.

«Тәуелсіз медициналық және сот медициналық сараптаманың өзекті мәселелерін талқылаймыз. Бұл бағыттар денсаулық сақтау жүйесіне деген қоғам нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға тікелей әсер етеді. «ZdravExpert» халықаралық комитетін құру – бастамасы бірлескен ынтымақтастықты күшейтетін біріңғай стандарттарды қалыптастыратын және мықты халықаралық сарапшылардың қауымдастығын құруға бағытталған маңызды қадам», – деді ҚР Ұлттық медицина қауымдастығының президенті Салтанат Мамырбекова.

Оқи отырыңыз: Қызылша: өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін нені білген маңызды

Новости партнеров