Мегаполисте спорт мектебінің ғимаратын өрт шарпыды: жалын көрші нысандарға қауіп төндірді

16.11.2026 16:24

Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында ірі өрт шықты. Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты нысанды қызыл жалын шарпып, өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупі туындаған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, оттың одан әрі өршуіне жол бермеді, деп хабарлайды Almaty TV.

Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Оқиға куәгерлерінің бірі өрттің аяқ астынан басталғанын айтты.

«Өрт бірден басталды. 2-3 минуттың ішінде лапылдап жанды. 10-15 минутта өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндірді», – деді қала тұрғыны.

Толық көрсету