Алматыда студенттерге жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік мәдениеті түсіндірілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Іс-шара барысында басты назар жолдағы тәртіп пен көлік мәдениетіне аударылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде полиция қызметкерлері мен студенттердің қатысуымен ашық әрі конструктивті диалог форматында профилактикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара барысында басты назар жолдағы тәртіп пен көлік мәдениетіне аударылды. Электркөліктің кеңінен таралуына байланысты студенттерге оны пайдалану талаптары түсіндіріліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.

— Бүгінде электркөлік құралдарын пайдаланушылар саны артып келеді. Алайда олардың барлығы бірдей самокаттар мен өзге де қозғалыс құралдарының жол қозғалысының толыққанды қатысушысы екенін түсіне бермейді.

Ережелерді елемеу, бастапқы дағдылар мен тәртіптің болмауы жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғуда. Біздің міндетіміз — жастар арасында жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинұр Тасыбаев.

Кездесудің жеке бөлігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды.

Студенттерге қоғамдық тәртіпті сақтау, ұсақ құқықбұзушылықтарға жол бермеу және күнделікті өмірде қырағылық танытудың маңыздылығы ескертілді.

Оқи отырыңыз: Жолдардың сапасын бақылау: асфальтбетон зауыттарын аттестаттау басталды

Новости партнеров