Алматыда ТМД елдерінің орман шаруашылығы өкілдері бас қосты

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Халықаралық жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Тәжікстан өкілдері қатысуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің XXIV отырысы аясындағы іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен хабарлағандай, халықаралық жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Тәжікстан өкілдері қатысуда.

Бағдарлама аясында делегациялар Алматы мемлекеттік табиғи қорығында болып, биоәртүрлілікті сақтау және табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ орман көшеттерін өсіру, күтіп-баптау және орманды қалпына келтіру тәжірибесін зерделеді.

«Аюсай» визит-орталығы мен Ботаникалық бақта қатысушыларға экологиялық ағарту және өсімдіктер дүниесін сақтау бағытындағы жұмыстар таныстырылды.

Негізгі отырыста қатысушы елдердің ұсыныстары мен шешім жобаларын талқылау, қорытынды құжаттарды келісу жоспарланған.

Кездесу орман шаруашылығы саласындағы тәжірибе алмасуға және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Отбасының әл-ауқат санаты несие алуға кедергі бола ма