Алматыда тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды

Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойынды кеңінен насихаттау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды. Интеллектуалды сайыс Республика күніне және даңқты жазушы Герольд Бельгердің 90 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойынды кеңінен насихаттау, жастарды озық ойлы болуға тәрбиелеу, сондай-ақ, байырғы қазақ мәдениетін қайта жаңғырту. Ұйымдастырушылар турнирді Герольд Бельгердің құрметіне өткізу идеясының ерекше маңызы бар екенін де атап өтті. Айтуларынша, белгілі жазушы еңбектерінің басым бөлігін қазақ мәдениеті мен тілін сақтауға арнаған. Сайысқа ұлттық ойынға құмартқан 100-ден аса студент пен оқушылар қатысты.

"Тоғызқұмалақ – есеп шығаруға, ойды дамытуға дағдыландыратын, 4 мың жылдық тарихы бар ұлттық ойын. Абай да ойнаған ойын. Қазіргі кезде тоғызқұмалақ дамып жатыр", – деді турнирге қатысушы Аяна Исахан.

"Президент айтқандай, білімді отанды сүйетін, жұмыстан жастарды тәрбиелеу үшін ұлттық ойындарды дамыту керек. Оны ойнаған жігіттер математиканы да жақсы көреді деген сөз. Ұлттық ойындарды балаларымызға үйрету арқылы елін, отанын сүйетін жастарымызды тәрбиелейміз", – деді Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының төрағасы Долкунтай Абдулхалил.

Оқи отырыңыз: Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Новости партнеров