Алматыда тұрғын үй бағасы қымбаттай ма - сарапшы пікірі

04.02.2026 15:46

Былтыр елде тұрғын үй бағасы екі есеге өсті. Алматыда бір шаршы метрдің орташа құны 820 мың теңгеден асқан. Соған қарамастан, баспанаға сұраныс төмегендеген жоқ. Ал биыл пәтер бағасы қалай болмақ? Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонғы жылжымайтын мүлік сарапшысы  Қайрат Қожанов жауап береді.

– Қайрат мырза. Пәтер бағасының қымбаттауына не себеп?

«Алматыда инфляцияға байланысты баспана құны 12-15 пайыз қымбаттауы мүмкін. 2025 жылдың соңғы айларында құрылыс компаниялары үйдің бағасын өсірген болатын. Себебі сұраныс артты. Оны органикалық өсім дейді. Алматы қаласына келушілер, студенттер көп, олардың көпшілі оқуын аяқтаған соң, осында қалады. Сұраныс артады.

2026 жылы құрылыс компанияларына сататын үйлерге құн салығының арту –  баға қымбатауына себеп. Тұрғын үй тек ғана бір нәрсе емес, ол – логистика, қызмет ақысы, жұмысы бар –бәрі үй бағасының өсуіне әсер етеді».

– Қарапайым халыққа қазір пәтер алған тиімді ме, әлде біраз уақыт күткен дұрыс па? Алдағы бір жылда сатып алушыларды не күтіп тұр?

«Алдағы уақытта үйдің бағасы тоқтамай өсе береді. Бірақ бірден көтерілмеуі мүмкін. Қазір экономикамыз тұрақты. Алайда кез келген мемлекеттік бағдарлама үйге деген сұранысты арттырады. Сондықтан мұқтаж жандар болса, белігілі бір уақытты күтпей қазір алғаны дұрыс. Қарапайым мысалмен айтсақ, сіз 1 жыл бұрын 1кг алманы 100 теңгеге алсаңыз, 1 жылдан кейін жарты келі алуыңыз мүмкін. Мүмкіндік барынша мемлекеттік бағдарламалардан бастап, зерттеп, үй алып қалу әлдеқайда тиімді»,

– Мемлекет тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін қандай нақты тетіктерді іске қоса алады?

«Бұл – өте өзекті мәселе. Бағаны ұстап тұру бір жағынан дұрыс, бір жағынан бұрыс деп айтамын. Өйткені нарықтық экономикада өмір сүргендіктен бағаны бір қалыпта ұстау экономиканың шарттарына сәйкес келмейді. Бірақ бұл жерде негізігі мемлекеттік банк өкілдерінің айтуынша, көктемде басталатын бағдарламалар құрылыс компанясымен келісім жасайды, сол арқылы бағаны  тұрақтандырмақ. Алайда нарықта сұраныс өте жоғары. Жер аз, құрылыс компаниялары үй салуды шектейді. Сондықтан, үй бағасын тоқтату мүмкін емес».

Оқи отырыңыз: Алматылық сарапшылар конституциялық реформаны қолдады