Іс-шара соңында сарапшылар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылып, оларды жүзеге асыру жолдары пысықталды
Алматылық сарапшылар конституциялық реформаны қолдады. Достық үйінде ішкі саясаттың өзекті мәселелері мен қала дамуына арналған сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға әлеуметтану және саясаттану саласының мамандары, академиялық орта өкілдері, сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Кездесуде қатысушылар білім беру мен ғылым саласындағы түйткілдерге, жас зерттеушілерді қолдау тетіктеріне және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара соңында сарапшылар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылып, оларды жүзеге асыру жолдары пысықталды.
"Жоғарғы оқу орындарының гуманитарлық бағыттағы саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, философтар сияқты ғалымдармен тікелей бас қосып, бүгінгі таңдағы болып жатқан саяси процесстерге, сонымен қатар қаланың өзекті проблемаларына қатысты көзқарастарын айтты. Сонымен қатар ғылым мен білімнің Алматы қаласындағы дамуының болашағына белгілі бір дәрежеде жоспарлар жасалынды", – деді саяси ғылымдарының докторы Жомарт Сімтіков.
Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция Қазақстанның дамуын қалай қамтамасыз етеді