Алматыда туристерге қатысты алаяқтықтың беті ашылды

03.10.2024 14:49

Шаһардың 20 тұрғыны туристік демалыссыз қалды

elements.envato.com

Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны туристік демалыссыз қалды. Олар тур ақысын алдын ала төлегенімен, тур болмаған.

"Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 ​​жастағы директорын ұстады. Алдаудың барлық эпизоды бір іске біріктірілген. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Полицейлер күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді Алмалы аудандық ПБ-ға жүгінуге немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73; 254-46-12.
Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін – Тоқаев