Алматыда ТЖМ құтқарушылары қоймадан шыққан ірі өртті сөндіруге жұмылдырылды

23.11.2025 09:37

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда екі қабатты қойма өртеніп, ТЖМ құтқарушылары жоғары дәрежеде өрт сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қойма үй-жайынан шыққан.

«Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнына жетті. Жағдай бақылауда», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатыр ашылып жатыр.

Құтқарушылар конструкцияларды төгіп, жеке элементтерді алып тастай отырып, өртті тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасайды.

Қазіргі кезде өртті оқшаулау және толық жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіруге шамамен 80 адам мен 21 бірлік техника, сондай-ақ өрт сөндіру автопоезы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Құрылысшылар биіктен құлап кетті: Астанада қылмыстық іс қозғалды