Алматыда «Ұлы дала дауысы» атты әдеби-сазды кеш өтті

04.12.2025 16:01

Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұхтархан Қалиұлы 70 жасқа толды

Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұхтархан Қалиұлы 70 жасқа толды. Айтулы мерейтойға орай Алматыда «Ұлы дала дауысы» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сахна төрінде «Ақши» халық театры «Өмір өткелдері» қойылымын көпшілікке ұсынып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар Алматы қаласы мен облысы әкімдіктерінің өкілдері Мұхтархан Қалиұлына шапан жауып, құрмет көрсетті. 

«Мұқағали» журналының 20-жылдығы, бүгін Мұхтархан ағамыздың 70-жылдығы өтіп жатыр. Бұл сабақтастық жай емес. Мұқаң бата берген бала 70-ке келді. Мұхтархан ағаның ұлтқа берері көп,  Құдайға шүкір ұрпаққа берері жазылып жатыр. Жасай берсін, жандана берсін. Соған тілектес болып, інілерінің бірі болып келіп қалдық», – деді Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақыт Беделхан.

Оқи отырыңыз: Желтоқсан көтерілісі ұлт-азаттық күрестің жалғасы - сарапшы