Референдумға дейін:
9
күн
7
сағат
1
минут

Алматыда «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

ӨКҚ
ӨКҚ

Студенттер өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы қоғамдық даму орталығы мен Алматы автомобиль жол колледжі бірлесіп «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта бірқатар бастапқы жұмыс аяқталған.

Кездесуге Алатау аудандық отбасылық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы полиция майоры Жанаддин Әбдімомынов, Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Батырхан Расылхан қатысты.

Іс-шарада интернет-алаяқтық, киберқылмыс, жеке деректерді қорғау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік міселелерін түсіндіріліп, құқықтық мәдениет пен әрбір азаматтың  жеке жауапкершілігінің  маңыздылығы аталды. 

Кездесу барысында «Заң мен тәртіп » идеологемасының мәні, оның бүгінгі қоғамдағы орны мен референдумға шығарылған Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында көрініс тапқаны атап өтілді. 

Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар алды.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр

Новости партнеров