Алматыда жаңа экологиялық аймақ құру жоспарланып отыр. Жаңа талаптарға сәйкес, белгіленген жерде нормаға сай келетін көліктердің ғана қозғалысына рұқсат берілмек. Ал экологиялық аумақтың нақты шекарасы жыл соңына дейін айқындалады. Сонымен қатар шаһардағы қоғамдық тамақтану орындары мен моншаларға арнайы сүзгі қондырғыларын орнату көзделіп отыр. Сала мамандарының айтуынша, аталған шаралар экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қаланың атмосфералық ауасын қорғау қағидаларында тағы қандай талаптар бар?
Осы және өзге де сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «ЭкоАлматы» атмосфералық ауаны қорғау департаментінің басшысы Айдана Қасен жауап береді.
– Айдана Бекболатқызы, ауа сапасын қорғау қағидалары аясында көліктерден бөлінетін шығарындыларды қалай азайтуды жоспарлап отырсыздар және шаһар көшелерінде күн сайын қанша темір тұлпар қатынап жүр?
«2025 жылдың 30 желтоқсанында Экологиялық кодекстың 206-бабына сәйкес Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау қағидалары Алматы қаласының маслихатымен бекітілген. Ол қағидаларда бірнеше талап бар. 2025 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша қалада 687 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Сонымен қоса күнделікті басқа аймақтардан кіретін автокөліктерді алатын болсақ, қалада күніне 1 миллионға жуық автокөлік қатынайды деп айтуға болады. Ол автокөліктердің шығарындысы ауа ластануының жиынтық есебі бойынша, 112 мың тонна деп айтып жүрміз. Бұл дегеніміз автокөліктер ең басты ластаушы көздер, яғни 60 пайыз ластаушы көз болып есептелінеді. Қағидаларда автокөліктерге арналған арнайы талаптар бар. Автопарктерге, көліктерге арналған талаптар және сол сияқты тағы да басқа талаптар көзделген».
– Айдана Бекболатқызы, Алматыда экологиялық аймақ құрылады. Жаңа талаптарға сәйкес, осы бір ережеге тоқталсақ? Қандай көліктер жүре алады? Қағида қашан күшіне енеді?
«Негізінде қағидалар бойынша, таза ауа аймағы құрылады деген жоспар бар. Қағидалар енгізілгеннен кейін 60 күннің ішінде күшіне енетін болса, бұл аймақтардың ену күші бір жылдан кейін. Яғни қағида бойынша бекітілген 2027 жылдың басынан бастап енетін болады. Бұл аймақтарда бірнеше талаптар бар. Ол дегеніміз автокөліктерге арналған арнайы талаптар, станционарлық шығарынды көздеріне арналған талаптар. Сонымен қоса пиротехника, салют сондай атуға тыйым салынған. Қатты отын жағуға шектеу бар».
– Ауа сапасын қорғау қағидаларына сай шаһардағы қоғамдық тамақтану орындары, газға қосылмаған жеке тұрғын үйлерге сүзгі қондырғылары орнатылмақ. Осы бағытта қандай шаралар жүргізіліп жатыр?
«Жаңа жоғарыда айтып кеткендей таза аймағын құру жоспарланып отыр. Осы таза аймақты құру кезінде арнайы талаптар бойынша қаладағы тамақтану орындары, моншалар, жеке секторда қатты отынды жағуға тыйым салынады. Стационарлық шығарынды көздерге, газ болса, сүзгілер орнату керек. Яғни қалаға деген, қаланың атмосфералық ауасына деген зиянды заттардың шығарылуын максималды түрде азайту қажет».
Оқи отырыңыз: Алматы онкология орталығындағы ультрадыбыстық зерттеудегі жасанды интеллект