Алматыда Жексенбаев көшесіндегі қозғалыс шектеледі

01.12.2025 18:00

Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді

Almaty.tv

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары аясында Жексенбаев көшесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және оның үстіндегі көпірді жаңарту жұмыстарына байланысты Жексенбаев көшесінде (Аханов көшесіне дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Аумақ 2025 жылы 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін уақытша жабылады. Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Жүргізушілерге жұмыс барысында жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерісті ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз.

Қозғалысқа қатысты соңғы ақпарат және айналма бағыттардың сызбасы Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен салалық басқармалардың ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS қосымшаларында жарияланған.

Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағыттын алдын ала жоспарлап алғаны жөн.

Оқи отырыңыз:  2026 жылғы аймақтық экосаммитке жетелейтін қадам: Алматыда «Жасыл импульс» диалогы өтті