18 қарашада Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапқанын, еске салайық
Түркістан облысында алапат өрттен жапа шеккен 7 жастағы қыз қайтыс болды. Дәрігерлер ауыр халде жатқан балақайдың өмірі үшін 2 апта күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ресми мәліметте қыз баланың жүрегі тоқтап қалғаны айтылады. Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтқан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қыз баланың денесі туған ауылында жер қойнына тапсырылғанын жеткізді.
Еске сала кетсек, 18 қарашада Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Оның 9-ы балалар еді.
«Жетісай ауданындағы өрттен жапа шеккен 7 жастағы қыз бала 30 қарашада көз жұмды. Бейінді мамандардың кешенді іс-әрекетіне, қарқынды терапия мен реанимациялық, дезинтоксикациялық іс-шаралардың толық жүргізілгеніне қарамастан науқасты құтқару мүмкін болмады», – деді Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Оқушы ауыр жарақат алған: Атыраудағы жекеменшік мектептердің біріндегі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды