Алматыда жетекші дәрігерлер күрделі аурулардың емдеу жолдарын талқылады

02.11.2026 14:30

«Мүмкіндіктер интеграциясы: терапиядан хирургияға дейін» атты халықаралық конгресс өтті

Алматыда «Мүмкіндіктер интеграциясы: терапиядан хирургияға дейін» атты халықаралық конгресс өтті,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еліміздің және шетелдің жетекші дәрігерлері мен сарапшылары бас қосқан жиында жүрек, қант диабеті және басқа да созылмалы дерттерді емдеу жолдары талқыланды. Мамандардың айтуынша, күрделі аурулармен күресте терапевт-дәрігерлер мен хирургтердің тығыз байланысы мен бірлесіп жұмыс істеуі – науқастың өмірін сақтап қалудың басты кепілі.

«Терапиядан хирургияға мүмкіндікті интеграциялау” деген сөз – көп мамандықты біріктіріп, сол аурудың нәтижесін жақсартып, диагнозын дұрыс қойып, дұрыс емдеу», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ стратегиялық даму және ұйымдастырушылық бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Әбдіқалиев.

Жиында заманауи технологиялар мен ғылым жетістіктерін медицинаға енгізу мәселесі ерекше сөз болды. Бүгінде жүрек-қан тамырлары мен эндокриндік аурулардың белең алып бара жатқаны алаңдаушылық тудырады. Сондықтан дәрігерлер дертті ерте анықтап, емдеу сапасын арттыру үшін жасанды интеллект пен озық цифрлық шешімдерді қолданудың маңыздылығына тоқталды.

«Кардиология және ішкі аурулар институтында жаңадан симуляциялық орталықтар ашылып жатыр, сонда резиденттерді,дәрігерлерді дайындауға үлесін қосады деп ойлаймын», – деді С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кардиология кафедрасының меңгерушісі Сәлім Беркінбаев.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында құтқарушылар тауда адасқан бойжеткенді аман-есен тапты

 

Толық көрсету