Жас лейтенант көпшіліктің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады
Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының бітіру кешінде көпшіліктің жүрегін елжіреткен романтикаға толы сәт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Алматы гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері”мамандығын тәмамдап жатқан лейтенант Әлішер Таласбай сүйіктісіне көпшіліктің алдында жүрекжарды ұсыныс жасады. Ал сүйіктісі оның ұсынысын қабыл алды.
«Екі жастың махаббат хикаясы мектеп қабырғасынан бастау алған. Қос ғашықтың сезімі уақыт пен қашықтыққа, сынақ пен сағынышқа қарамастан, төзім мен сенімнің арқасында шынайы сүйіспеншілікке айналды. Уақыт сынынан сүрінбей өткен қос жүрек енді бір арнада тоғысты», - дейді институт өкілдері.
Айта кетейік, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында биылғы түлектердің оқу бітіруіне арналған салтанатты кеш өтті.
Оқи отырыңыз: Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі