Қаладағы 20 колледждің бірінші курс студенттері өзара бәсекеге түсті
Алматылық студенттер информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысып, білімі мен дағдысын сынға салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәстүрге айналған байқау кезінде қаладағы 20 колледждің бірінші курс студенттері өзара бәсекеге түсті. Жас техниктер онлайн тест, логикалық сұрақтар мен бейнежоба әзірлеу бойынша үш кезеңде сайысып, қабілетін шыңдады. Үздік нәтиже көрсеткендер арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Ұстаздар «мұндай олимпиадалар студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытып, техникалық білімін бекітуге септігін тигізеді» дейді.
«Бұл олимпиаданың басты мақсаты – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар жасанды интеллект бойынша жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Олимпиадаға Алматы қаласы колледждерінің арасынан 40 студент қатысып отыр», – деді Алматы политехникалық колледжі директорының орынбасары Нағашкүл Косерова.
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыда 1000-нан астам азамат мамандардан кеңес алды