Алматыда жыл басынан бері қанша адам ата-ана құқығынан айырылды

03.12.2024 21:58

Алматыда жыл басынан бері баласын бақылаусыз қалдырған 40 адам ата-ана құқығынан айырылды. Тағы 1500-ден астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Жалпы қалада «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша қандай шаруа атқарылып жатыр? Бұл жөнінде «Алматы» телеарнасының студия қонағы Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов айтып береді.