Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі жұмысшысын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

03.12.2024 18:29

Ресми дерекке сүйенсек, қайтыс болған азамат оған дейін отбасын алып, жұмыс берушіден қашып кетіпті

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында бұрынғы аудан әкімі жұмысшысын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қонақүйлердің біріндегі қайғылы жағдайға екі азаматтың арасындағы төбелес себеп болған. Ресми дерекке сүйенсек, қайтыс болған азамат оған дейін отбасын алып, жұмыс берушіден қашып кетіпті. Кейіннен, күдікті деп танылған әкім қашқан қызметкерін тауып, соққыға жыққан. Жарақат салдарынан көз жұмған жұмысшының қазасына тіпті оның әйелі мен балалары да куә болыпты.

«Қылмысқа күдікті ретінде 65 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 29 қарашада күдікті инфаркт алып денсаулығының нашарлауына байланысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол медициналық мекемеге дәрігерлердің бақылауына ауыстырылды. Қылмыстық істі тергеу аяқталды, қазіргі уақытта тараптар іс материалдармен танысуда. Іс сотқа жіберілу үшін дайындалуда», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Оқи отырыңыз: СҚО-да жеке үй өртеніп, бірінші топтағы мүгедек зейнеткер жанып кетті