Нысандардағы қысым мен температураны онлайн қарауға мүмкіндік беретін пилоттық жоба оқыс жағдайда жедел әрекет етуге көмектеседі
Биыл Алматыда жылу желілері алғаш рет цифрлық жүйе арқылы бақыланады. Бұл туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, нысандардағы қысым мен температураны онлайн қарауға мүмкіндік беретін пилоттық жоба оқыс жағдайда жедел әрекет етуге көмектеседі. Ақауды дереу жоюға септеседі.
Атап өтейік, биыл Алматыда 17 қазандық пен 39 шақырым жылу желісі жаңғыртылған болатын. Нәтижесінде құбырлардың тозу деңгейі шамамен 2 пайызға төмендеген.
Шаһардағы тұрғын үйлерге ертең жылу беріледі.
«Қазіргі уақытта қаланың барлық апаттық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Нақтырақ айтсақ 100-ден аса бригада мен 400-ге жуық маман жұмылдырылған. Сонымен қатар шаһарда мазут пен көмір қоры да жеткілікті», – деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай.
Оқи отырыңыз: Алматыда тауға шыққандар санын есептейтін алғашқы құрылғы орнатылды