Алматыда зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері де жалпыұлттық референдумға белсенді қатысты. Дауыс бергендер ел тарихы үшін шешуші сәтте халықтың бірлігі мен жауапкершілігі айрықша маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Кез келген уақытта ірі шараларға белсенді араласу саяси мәдениетіміздің деңгейін көрсетеді деп ойлаймын. Референдумға келіп жатқан халық белсенді, демек саяси мәдениет жоғары көтеріліп келе жатыр деп ойлаймын», – деді М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.¤
Қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова да ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әр азаматтың белсенділігі мен ұстанымы айқын көрінуі тиіс екенін айтты. Ал өнер майталманы, актер және режиссер Сағызбай Қарабалиннің сөзінше, референдум – мемлекет тағдырына қатысты шешімдерге әр адамның үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды тетік. ¤
«Бүгін – халқымыз үшін айтулы күн. Дауыс беруге келіп тұрмыз», – деді қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова.
«Меніңше, бүгін – ерекше күн. Әр Қазақстанның азаматы айтар сөзін айту керек. Бұл – еліміздің болашағы», – деді ¤ҚР еңбек сіңірген әртісі, актер, режиссер Сағызбай Қарабалин.
Оқи отырыңыз: Атырауда 10 мыңнан аса мұнайшы таңдауын жасады