Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 14 мамырда сағат 11:00-де  сиреналар қосылады: Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілуде: 12 мамырдан бастап алдағы жоспарлы сейсможаттығу туралы және сабыр сақтауға шақыратын ұсынымдары бар бейнероликтерді теле-радиоарналар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды.

Сейсможаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-дауыс хабарлау құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып шұғыл ақпарат беру, Masalert жүйесі және  мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады.

«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радио қабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, әрі қарайғы іс-қимыл бойынша нұсқаулықтармен танысу қажет.

Егер жер сілкінісі орын алса – дүрбелеңге берілмеңіз!  Қауіпсіз орынды паналаңыз. Жер тербелісінің алғашқы дүмпулер  тоқтағаннан кейін - ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықтыққа шығып, қажет болған жағдайда халықты қабылдау пункттеріне (ХҚПП) барыңыз.

Алматы қаласында 384 халықты қабылдау пункті дайындалады.  

Олар туралы толық ақпарат 2GIS картасында «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп іздеу арқылы, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған.

Сейсможаттығу басталғанға дейін дабыл сөмкесін дайындап, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа бағытты анықтап алыңыз. Қауіпсіз орын – электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң екенін еске саламыз.

Оқи отырыңыз: Келешек мектептерінде оқушылар асық атып, тоғызқұмалақ ойнайды

Новости партнеров