700-ге жуық маман қатысқан жиында күрделі әрі бірнеше ағзаны қатар зақымдайтын патологияларды анықтау жолдары кеңінен сөз болды
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жүйелі аутоиммундық дертті емдеудің жаңа тәсілдері ұсынылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
700-ге жуық маман қатысқан жиында күрделі әрі бірнеше ағзаны қатар зақымдайтын патологияларды анықтау мен оны жеңудің заманауи жолдары кеңінен сөз болды. Әсіресе науқаста бірнеше созылмалы ауру қатар кездескен жағдайда дәрігерлердің бірлесе әрекет етуі, нақты клиникалық алгоритмдерге сүйеніп, шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Сарапшылардың пайымынша, мұндай алаңдар тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Конференция соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.
«Әлемдік тәжірибемен алмасып жатырмыз. Емнің сапасы арттыру, ауруды уақытылы анықтау, адамды инвалидтікке ұшыратпау – мақсатымыз», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тоғызбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жалғасуда