Алматыда жыл басынан бері 6,8 мыңнан астам жасқа психологиялық қолдау мен кеңес көрсетілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастарды кешенді қолдау аясында жұмыспен қамту мәселесі бойынша да жұмыс күшейтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас психологиялық көмек пен кеңес алды. Бұл туралы қаланың Жастар саясаты басқармасы өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аталған жұмыс қалалық бағдарламалар аясында жүргізіліп, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға, мазасыздық пен күйзеліс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сын-қатерлерге бейімделу мен өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы жастарға, студенттерге, жұмыс істейтін жастарға және NEET санатындағы өкілдерге ерекше көңіл бөлінеді. 

Психологиялық қолдау қаланың комьюнити орталықтары, білім беру ұйымдары және арнаулы кеңес беру алаңдары арқылы көрсетіледі. Жастар жеке және топтық кеңес алып, стрессті басқару бойынша тренингтен өтеді, эмоционалдық интеллектті дамытуға арналған воркшоптарға және менталды денсаулық тақырыбындағы білім беретін кездесулерге қатысады.

Жастарды кешенді қолдау аясында жұмыспен қамту мәселесі бойынша да жұмыс күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам алматылық жас жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар беру және мансаптық дағдыны дамыту жөнінде кеңес алды. Бұл қызметтерге түйіндеме жасау, әңгімелесуге дайындық және өзекті бос жұмыс орындарын іріктеу кіреді. 

Жастарды кешенді қолдау аясында оларды жұмыспен қамту бойынша да жұмыс күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам алматылық жас маман жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар және мансаптық дағдыны дамыту бойынша кеңес алды. Бұл қызметтерге түйіндеме әзірлеу, сұхбатқа дайындалу және жарияланған бос жұмыс орындарын қарастыру секілді бағыттар кіреді.

«Психологиялық әл-ауқат – жастардың тұрақты дамуының негізі. Біздің міндетіміз – көмекті қолжетімді, уақытылы әрі түсінікті ету. Әрбір жас өз қиындықтарымен жалғыз қалмайтынын білуге тиіс», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Оқи отырыңыз: Брайль қарпі мен IT-аймағы бар: Алматыда заманға сай жаңа кітапхана ашылды

Новости партнеров