Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкеге қайда баруға болады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жәрмеңкеде 1000-нан астам азық-түлік тауары ұсынылған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Алматыда «демалыс күнгі» жәрмеңкелері өткізілуде, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Жәрмеңкеге Алматы қаласының, Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының өндірушілері қатысуда. Жалпы саны 305 жалға алушы тартылған. Оның ішінде: Алматы қаласы — 50, Талғар ауданы — 50, Іле ауданы — 60, Қарасай ауданы — 60, Жамбыл ауданы — 30, Еңбекшіқазақ ауданы — 30, Ұйғыр ауданы — 10, Шығыс Қазақстан облысы — 15.

Жәрмеңкеде 1000-нан астам азық-түлік тауары ұсынылған. Атап айтқанда: ет, жұмыртқа, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, шұжық өнімдері, бал және басқа да тауарлар.

Қазіргі уақытта жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша өткізіледі:

  • Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағынауданы;
  • Әуезов ауданы: Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  • Медеу ауданы: Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;
  • Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы.

Сонымен қатар 9–10 мамыр Жеңіс күнін мерекелеу кезеңінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қосымша жаңа орындары ұйымдастырылады:

  • Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, ХҚКО алдындағы автотұрақ;
  • Наурызбай ауданы: Шұғыла шағынауданы, ХҚКО алдындағы автотұрақ.

Оқи отырыңыз:  «Вечерний Алматы» газетіне - 90 жыл: Алматы әкімі журналистерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Новости партнеров