Мегаполисте жалпы ұзындығы 1165 км болатын 277 магистральді көше бар
Алматыда магистральдерді ұзарту мен негізгі қалалық жолдарды қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Алматыда жалпы ұзындығы 1165 км болатын 277 магистральді көше бар. Қаланың жол желісінің ұзындығы 3145 км және 2752 көшені қамтиды.
Келесі жылы қай жобалар аяқталады?
Басқарманың мәліметі бойынша, үш негізгі жолдың барлығында — Абай, Саин және Рысқұловтағы жұмыстар бекітілген жоспар мен белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр.
Абай даңғылындағы құрылыс жобасы Әуезов көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскені алып жатыр. 1,2 шақырымға кіреберіс жолдар мен тротуарларды салу жұмыстары жалғасады. Меншіктен шығаруға жоспарланған 75 жер учаскесінің 74-і сатып алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған. Жоба бюджеті 3,5 миллиард теңгені құрады.
Сонымен қатар тиісті жұмыстары мына жолдарда жүріп жатыр:
Мұның бюджеті — 6,4 миллиард теңге.
Саин көшесін ұзарту
Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары қамтылған. Барлық 66 жер учаскесін алу іс-шаралары аяқталды. Жоспарланған 3,2 шақырым жаңа жолдың 1,8 шақырымы салынды. Саин көшесіндегі құрылыс 2019 жылы басталды, ал барлық құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталмақ.
Жобаның құны — 19,7 миллиард теңге.
Райымбек батыр даңғылын ұзарту
Басқарманың мәліметінше, жер телімдерін сатып алуға байланысты жобаның аяқталу мерзімі келесі жылға ауыстырылды.
— Райымбек батыр даңғылындағы құрылыс жобасының аяқталуы жерді сатып алу рәсімдерінің созылуына байланысты келесі жылға қалдырылды, — деп мәлімдеді департамент.
Бұл жұмыстардың бюджеті — 23,9 миллиард теңге.
Төле би көшесін ұзарту Ясауи көшесінен қала шекарасына дейін жүзеге асырылып жатыр.
Жоба екі учаскеге бөлінген:
— Төле би көшесін ұзарту Ясауи және Әшімов көшелерінің аралығында — 17,3 миллиард теңге;
— Әшімов көшесінен қала шекарасына дейінгі аралыққа — 15,2 миллиард теңге.
Құрылыс-монтаж жұмыстары жер телімдерін сатып алу мүмкіндігіне қарай жүріп жатыр. 270 учаскенің 224-і сатып алынды.
Қазіргі уақытта жолдың 1,1 шақырымына асфальт төселді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы 2026 жылдың қараша айына жоспарланған.
Сонымен қатар қалалық басқарма Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта Жұбанов көшесін ұзарту жұмыстарының барысы туралы хабарлады.
— Құрылыс-монтаж жұмыстары жер учаскелерін сатып алу мүмкіндігіне қарай жалғасада. Қазіргі кезде 365 учаскенің 85-і сатып алынды. Сатып алынған үйлерді бұзу жұмыстары жүріп жатыр, инженерлік желілерді жөндеу басталды, — деп нақтылады басқарма мамандары.
Осы жұмыстардың аяқталуы 2027 жылдың желтоқсанына белгіленді.
Іске асырылатын басқа жобалар
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Хмельницкий және Мұқанов көшелерін ұзарту жобалары қазіргі уақытта дайындық кезеңінде тұр.
— Хмельницкий көшесін Қайрат шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін ұзартып салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталу мерзімі бюджеттік қаражат бөлінген жағдайда 2026 жылдың наурыз айына жоспарланды, — делінген басқарма ақпаратында.
Мұнымен қоса, Талғар тас жолын қайта салуға қатысты жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл тұрғыда Халиулин көшесінен қала шекарасына дейінгі бөлікті қамтиды. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстары 2026 жылдың басында басталады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, Мұқанов көшесін ұзарту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті және қаланың тиісті қызметтерімен келісілді. Әзірге, мердігер компания айқындалмады.
Оқи отырыңыз: Алматыда қылмыс деңгейі 13%-ға төмендеді - министр