Алматыдағы колледждердің бірінде туристік бағыттарды дамытуға арналған цифрлық платформалар таныстырылды

16.01.2026 16:24

Туризм саласына серпін беріп, цифрландыруға бағытталған жобалар қорғалды

«Жасанды интеллект білім сапасын жақсартады». Алматыдағы колледждердің бірінде «Цифрландыру жағдайындағы техникалық және кәсіптік білім беру» деп аталған оқу-әдістемелік конференцияға қатысқандар осындай пікір айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысының білім беруді трансформациялау тапсырмасы шеңберінде ұйымдастырылған алқалы жиында болашақ мамандар туристік бағыттарды дамытуға арналған заманауи IT-шешімдер мен цифрлық платформаларды таныстырды. Сондай-ақ туризм саласына серпін беріп, цифрландыруға бағытталған жобаларын қорғады. Одан бөлек, конференция барысында жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу және STEM-тәсілдер арқылы экономиканың басым бағыттарына кадр даярлау мәселелері талқыланды.

«Дәстүрлі қысқы мектеп аясында, каникул кезінде өтетін оқу-әдістемелік конференциямыз әр жылы әр тақырыпта өтеді. Біздегі педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген жаңа әдістерді цифрлық құзыреттілікті дамытуға арналған өздері жасап жүрген платформаларды, пайдаланып жүрген әдістерді әріптестеріне таныстырады», – деді колледж директоры Майра Шалабаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда магистральды мұнай құбырлары жасанды интеллект арқылы басқарылуда