Алматыдағы Масанчи мен Зенков көшелері қалай өзгереді

Дархан Сатыбалды екі көшедегі жөндеу жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкім Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Масанчи және Зенков көшелерін аралады. Шаһар басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Масанчи жаяу жүргіншілерге арналып толық жаңартылып жатыр. Ал Абай даңғылы мен Сәтпаев көшесінің аралығы көгалдандырылып, веложолақтар төселуде. Сондай-ақ тұрғын үйлердің қасбеті жаңартылып, бұл маңға кәсіпкерлер тартылуда.

Әкім Зенков көшесіндегі жөндеу жұмыстарын да арнайы барып тексерді. Көк базар маңында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтарының қатынауына қолайлы жаяу жүргіншілер жолы кеңейтіліп жатыр. Жаңа қоғамдық тамақтану орындары ашылмақ.

Дархан Сатыбалды екі көшедегі жөндеу жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Биыл күзде Алматыдан мыңнан астам азамат әскерге аттанады