Алматыдағы мектептердің бірінде айтыс үйірмесі ашылды

22.10.2024 15:38

Үйірмеlt 1500-ден аса шәкіртке көне өнерді жаңғыртуға мүмкіндік бермек

Алматыдағы №49 жалпы білім беретін мектепте айтыс үйірмесі ашылды. Оқушыларды төл өнерге баулуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, насихаттауға бағытталған жобаның тұсаукесер рәсімі Республика күнінің қарсаңында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

65 жылдық тарихы бар білім ордасында жұмысын бастаған кезекті үйірмеlt 1500-ден аса шәкіртке көне өнерді жаңғыртуға мүмкіндік бермек.

"Бұған дейін би, хореография, хор, вокал, сурет салу сынды үйрімелер болса, қазақы айтыс үйірмесіне басқа ұлттардан да қызығушылық болып жатыр. Үйірмені қазақ сыныбының 12 баласы бастады. Әрі қарай дамиды деп ойлаймыз", – деді №49 жалпы білім беретін мектептің директоры Жанна Хисамиддинова.

Оқи отырыңыз: Менің Отаным – Қазақстан: Алматыда оқушылар арасында сурет байқауы өтті