Алматыдағы мектептердің бірінде дублер күні ұйымдастырылды

06.10.2025 15:53

Іс-шара аясында 500-ге жуық шәкірт өзін мұғалім сезінуге мүмкіндік алды

Алматыдағы № 174 мектеп-гимназиясында Ұстаздар күні  атап өтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған оқу ошағында дублер күні ұйымдастырылып, жоғары сынып оқушылары сабақ өткізді. Іс-шара аясында 500-ге жуық шәкірт өзін мұғалім сезінуге мүмкіндік алды. Бастама мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін ашуға бағытталды.

 «Бүгін мен директордың дублерімін. Бүгін таңнан бастап кешке дейін осы қызметтеміз. Бірнеше сағаттың өзінде мұғалімнің қызметі өте ауыр және қиын жол екенін түсіндік. Біз осы бастамамыз арқылы дублер күні барлық Қазақстандағы жасөспірімдер мен оқушыларды ұстаздарды бағалауға шақырғымыз келеді», – деді № 174 мектеп-гимназиясының оқушысы Әбдірахман Қайрат.

Оқи отырыңыз: Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бақылау күшейтіледі