Алматыда қарттарға әншілер тосынсый жасады

06.01.2026 21:08

Алматыдағы «Шаңырақ» қарттар үйінің тұрғындарына әншілер тосын сый жасады. Бүгін Алатау дәстүрлі өнер театрының шығармашылық ұжымы қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәстүрлі ән шырқалып, күй тартылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай мәдени кездесулер зейнеткерлердің әлеуметтік ортаға бейімделуіне, өздерін қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезінуіне септігін тигізеді. Көңілі көтеріліп, бір жасап қалған жандар өнер ұжымына алғысын жаудырып, батасын берді. Орталық басшылығы да арнайы ат басын бұрған Алатау театры қызметкерлеріне дән риза.

«Әрдайым қолдау көрсетіп тұрады өнер ордасы біздің өтетін іс-шарамызға. Алғысымыз шексіз. Шығармашылық табыстар тілейміз», – деді «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығының маманы Назира Жүсіпбекова.

Оқи отырыңыз: Алматылық оқытушылар кәсіби біліктілігін қалай арттырып жатыр