Алматыдағы тұрғын үй кешенінде есірткі сатушылар ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Күдіктілердің үйін тінту барысында ақ ұнтақ заты бар 156 байлам табылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде прокуратураның үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілердің үйін тінту барысында ақ ұнтақ заты бар 156 байлам табылған.

«Пәтерден есірткі сататын сайтқа арналған QR коды бар 5 мың жарнамалық жапсырма, электронды таразы және қаскөйлер есірткіні бөлшек саудада сату үшін пайдаланған басқа да құрал-жабдықтар анықталды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген ақ түсті ұнтақ заттар - «мефедрон» психотроптық заты. Бостандық аудандық полиция басқармасы есірткі заттарын сату дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Айта кеткен жөн, ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында алаяқ мүгедек адамның пәтерін сатып жіберген

Новости партнеров