Кезекшілікті тапсырғаннан кейін «Алматы Қала Жарық» көше жарықтандыруына жауапты күндізгі ауысымдағы мамандар өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматының сыртқы жарықтандыру желілерін жөндеу және қызмет көрсету саласында тікелей жұмыс істейтін электромонтер Роман Гринев, референдумға қатысу әрбір Қазақстан азаматының борышы деп санайды.
"Энергиямен жабдықтау, оның ішінде көше жарықтандыруы – кез келген елді мекеннің жайлы әрі қолайлы өмірінің ажырамас бөлігі. Қазақстандықтардың ел үшін осындай маңызды шешім қабылдау кезінде өз азаматтық ұстанымын білдірудің қаншалықты маңызды екенін түсінетіні қуантады", – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум аяқталуға жақын.
Оқи отырыңыз: Алматыда күйші Асылбек Еңсепов дауыс берді