Алматылықтар құрылыс пен қаланың сәулеттік келбетіне қатысты мәселелерді көтерді

Шаһар әкімі орынбасары Бейбіт Шахановпен кездесу соңында әрбір өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тұрғындары шаһар әкімі орынбасары Бейбіт Шахановтың жеке қабылдауында құрылыс пен қаланың сәулеттік келбетіне қатысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға келген қауым әсіресе, ғимараттардың тығыз салынуы, құрылыс нормаларының талапқа сай болуы және қоршаған ортаны қорғау секілді түйткілдерге тоқталды. Бұл ретте тұрғындардың бірі Көлсай ықшамауданындағы жағдайға зер салуды сұрады. Оның айтуынша, бұрын бекітілген жобада су қорғау аймақтары ескерусіз қалған. Жиын соңында әрбір өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қосымша тексеруді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

«Көптеген жер телімі жекеменшіктің қолында. Ол тұлғалар аталған аумақтарды рұқсат құжатсыз иеленіп алған. Осыған байланысты ықшамаудан тұрғындарынан бірнеше мәрте шағым түсті. Енді алдағы уақытта Алматы қаласының Бас жоспарын түзету кезінде бұл мәселелер ескеріледі. Су қорғау аймақтары да әзірленіп, жобаға енгізіледі», – деді Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Сембаев.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау, Қызылорда облыстарында мал жайылатын жер жетіспейді

Новости партнеров