Алматылық тұрғындар жаңа Конституция жобасын қолдайды

09.02.2026 20:51

Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар «елдің маңызды тірегі боп саналатын құжатқа халыққа қажетті әрі Қазақстан болашағы үшін өзекті түзетулер жасалады» дейді.

Айта кетейік,  ұсынылған Конституциялық заң жобасында  11 бөлім мен 104 баптан тұрады. 77 бап өзгертілмек. Яғни, заңдағы мәтіннің 84 пайызы жаңартылмақ. Соның ішінде құжат кіріспесіндегі елдің басты мақсаты, тарихы мен ұлттық құндылықтары айқындалмақ.

«Менің ойымша Конституцияның жаңаруы елімізге үлкен жетістіктер алып келеді. Соның бірі – «Халық» кеңесі. Біз ол арқылы үкімет пен ел азаматтары арасындағы байланысты нығайта аламыз. «Халық» кеңесі арқылы әр тұрғынның, азаматтың дауысы мемлекетке үкіметке естіліп, солардың ойымен санасатын болады», – деді қала тұрғыны Әсел Қасқырбаева.

«Басты мақсаты – адам құқығын сақтау арқылы әділетті құқықтық мемлекет қалыптастыру. Жалпы Конституция жобасында адам құқығын сақтау – жоғарғы құндылықтардың бірі», – деді қала тұрғыны Ақерке Серікбаева.

«Құрылтайда жасанды интеллект туралы айтылды, толықтай қолдаймын. 2026 жылда цифрландыру және жасанды интеллект бірінші орында тұр. Бұл елде дами берсе, студенттерге де, жұмысшыларға да жеңілдетуге және уақытты тиімді өткізуге көмектеседі деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Шапағат Ізбанова.

Оқи отырыңыз: Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді