Алматылықтар Батырхан Шүкеновті еске алды

Көрермен кавер-әртістермен бірге ән айтып, іс-шара лайф-караоке форматында жалғасты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәдени астанада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші, композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «BATYR TRIBUTE» шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында өнер иесі туралы әсерлі естеліктер айтылып, жас ақындар жүректен шыққан арнау жырларын оқыған. Сондай-ақ орындаушылар әншінің репертуарындағы танымал туындылардың кавер-нұсқаларын да көпшілікке ұсынған. ЛЭД экрандарда ән мәтіндері көрсетіліп, көрермен кавер-әртістермен бірге ән айтып, іс-шара лайф-караоке форматында жалғасты.

 «Алматы қаласының Ассамблея жастары мен Медеу ауданының комьюнити орталығының жастары бірігіп, Батырхан Шүкеновтің еске алып,кешті ұйымдастырып отырмыз. Кеш жастардың Батырхан Шүкеновтың әндеріне, өміріне қызығушылығын қайта оятады деп ойлаймыз», – деді Ассамблея жастарының мүшесі Медина Асхат.

Оқи отырыңыз: Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

 

     

 

Новости партнеров