БҚО-ның тумасы саналы ғұмырын Махамбет Өтемісұлының өмір жолын зерттеуге арнады
Биыл ақын, драматург махамбеттанушы Берқайыр Аманшиннің дүниеге келгеніне 100 жыл. Мерейтойға орай Алматыда қаламгерді еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv
Онда ақынның жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. БҚО-ның тумасы саналы ғұмырын Махамбет Өтемісұлының өмір жолын зерттеуге арнады. Ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне үлес қосқан ол барлық жанрда қалам тербеген.
"Ақын 3-4 шумаққа бар философисын сыйдырады. Үнемі ой тудыратын мәселелерді қозғаған. Проза жанрында көп жазды. Көзі тірісінде 5 пьесасы сахнаға қойылған", – деді ұйымдастырушы Жанат Қарман
Оқи отырыңыз: Жезтырнақ: қазақ мифологиясына негізделген фильм көрерменге жол тартты