Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі бәйшешектер гүлдеуі көктемнің келуінің символы екенін атап өтті
Алматының бас ботаникалық бағында галантус гүлі, яғни бәйшешектер гүлдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі бәйшешектер гүлдеуі – көктемнің келуінің символы екенін атап өтті.
"Бұл нәзік ақ гүлдер, көбінесе наурызгүд немесе бәйшешек деп аталады, көктемнің келуінің символы болып табылады.
Әр жыл сайын біз олардың пайда болуын асыға күтеміз - және міне, олар өткен жылғы құлаған жапырақтардың арасынан абайлап шығып, қыс аяқталып келе жатқанын еске салады.Осы маусымда ең алғашқы гүлдерді қаңтарда байқасақ, ал жаппай гүлдену тек қазір, ақпан ортасында басталды.
Галантустардың өте нәзік екенін еске саламыз, сондықтан оларға абайлап күтім жасаңыз, көгалдар мен шабындықтарда жүрмеңіз, әсіресе оларды жинамаңыз. Галантустар әр маусымда гүлдеп, бізді сұлулығымен қуанта берсін", - делінген хабарламада..
Оқи отырыңыз: Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленуде