Мамандар тауға барудан уақытша бас тартуға кеңес береді
Алматы қаласының таулы аумақтарында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мамандардың мәліметінше, қазіргі ауа райы жағдайына байланысты таулы өңірлерде көшкін жүру ықтималдығы артқан. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.
ТЖМ тауға барудан уақытша бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылған.
Құтқару қызметі таулы аймақтарға баруды жоспарлаған азаматтарға ауа райының өзгерісін және уәкілетті органдардың ресми ескертулерін міндетті түрде ескеруді сұрайды.
Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтамау адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмаңыз - полиция ескерту жасады