Алматының туристік әлеуеті әлемдік деңгейде бағаланды: үш нысан үздік жүздікке енді

16.11.2026 17:00

Алматының үш туристік нысаны халықаралық Worldworthy 100 рейтингіне енді. 2026 жылғы қорытынды бойынша Шымбұлақ аспалы жолы үздік ондыққа кіріп, 9-орынға жайғасты. Ал Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Кімасар мен Бұтақты шатқалдары жаяу туризм бағыттары арасында жоғары бағаланды, деп хабарлайды Almaty TV.

Атап айтқанда, Кімасар шатқалы рейтингте 56-орынға, ал Бұтақты 79-сатыға орналасты. Осылайша, Алматының үш туристік нысаны халықаралық рейтингтің 2026 жылғы лауреаты атанып, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, Worldworthy 100 халықаралық рейтингі саяхатшылардың пікірлері мен журналистік зерттеулер негізінде жасалады.

Толық көрсету