Алты жұмысшының өлімі: Павлодар облысында комиссия жұмыс берушіні кінәлі деп таныды

Тексеру барысында жұмысшылар қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмегені анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысындағы кәсіпорындардың бірінде 6 жұмысшының қазасына себеп болған қайғылы оқиғаға қатысты тексеру аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Комиссияның шешіміне сәйкес, азаматтардың өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылды. Жауапты ведомствоның мәліметінше, жұмысшылардың бірі кәріз құдығындағы күкіртсутегінен уланып қалған. Оған көмектеспек болған бес әріптесі де кезекпен төменге түсіп, улы газдың салдарынан көз жұмған.

Тексеру барысында жұмысшылардың қауіпті жұмыстарды орындау бойынша тиісті оқудан өтпегені және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Еске салайық, қайғылы жайт 20 шілдеде Павлодар облысының Жоламан ауылында болған.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Қазақстанда үш әуежай жаңартылды