Алтын көпір: алматылық кәсіпкерлер медицина саласында кадр тапшылығын реттемек

«Атамекен» палата қызметкерлері колледждер мен бизнес өкілдері арасында тікелей диалог орнатып, тиімді әріптестік құрмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының бизнес қауымдастығы медицинадағы бірқатар түйткілді шешуге кірісті. Қалалық «Атамекен» палатасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада мекеме өкілдері кәсіпкерлер мен білім беру нысандарының арасында алтын көпірге айналып, саладағы кадр тапшылығын реттемек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Tлімізде жоғары білікті мамандарға сұраныс көп, жалақысы да жеткілікті. Алайда кейбір жастардың жұмыс таба алмай жүрген жайы бар. Сондықтан палата қызметкерлері колледждер мен бизнес өкілдері арасында тікелей диалог орнатып, тиімді әріптестік құрмақ. Бұл алдағы уақытта орта және жоғары білім ордаларының бизнеске қажет сұранысын қанағаттандыруға, ал кәсіпкерлердің жас мамандарға екі қолға бір күрек табуына жол ашпақ.

«Басты мәселе колледжді немесе жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар жылдам жұмыс таба алмайды. Себебі, оларда жұмыс өтілі жоқ немесе біліктілігі жетіспейді. Сондықтан үш тарап бірлесе отырып, жастарға жағдай жасауды қолға алдық. Олардың сұранысқа ие білікті маман болуы үшін тиімді оқыту бағдарламаларын жетілдіруді талқыладық», – деді Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауындағы қала дамуының басым бағыттарын атап өтті

Новости партнеров