Алтынды заңсыз өңдеген жасырын цех анықталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында алтынды заңсыз өңдеген жасырын цех анықталды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті прокуратурамен бірге Шортанды ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірді деген күдіктілерді құрықтады. Тінту кезінде кенді ұсақтап, балқытуға арналған жабдықтар, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна шикізат және 6 келі сынап тәркіленді. Сонымен қатар жасырын цехтан 2 миллион теңге, 8 мың АҚШ доллары, атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлға, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металлдардың көлемі анықталуда. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Алматының таулы аймақтарында өрттің алдын алу шарасы күшейтілді