Алтынемелде қар барыстары фототұзаққа түсті

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қар барыстарының мұндай кадрлары құнды ғылыми дерек саналады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер барысында фототұзақтар бірнеше рет қар барыстарын тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.   

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, камераларға сирек жыртқыштардың табиғи ортада қозғалып жүргені, сондай-ақ суатқа келіп, су ішкен сәттері түсіп қалған.

Мамандардың айтуынша, табиғатта өте сақ әрі жасырын тіршілік ететін қар барыстарының мұндай кадрлары олардың мекен ету аумағы мен мінез-құлқын зерттеу үшін құнды ғылыми дерек саналады.

Қар барысы таулы ортаға бейімделген

Қар барысы биік таулы және жартасты аймақтарға жақсы бейімделген. Оның жалпақ табандары қалың қарда еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

Ал ұзын әрі қалың құйрығы тік беткейлерде қозғалғанда және секірген кезде тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.

Фототұзақтар не үшін қажет?

Фототұзақтар жануарларды мазаламай, олардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша, мамандар сирек кездесетін жануарлардың жүріс-тұрысы, мекен ету аумағы және тіршілік ерекшеліктері туралы маңызды ғылыми деректер жинайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай жарыс өтті