Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Алматыдағы туристік нысандармен танысты

13.04.2026 17:34

Автотур аясында ол Шарын шатқалында болып, Қазақстанның табиғи көрікті жерлері туралы фото және бейнематериалдар түсірді

кадр видеодан алынды

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor  халықаралық автотур аясында Қазақстанға келді. Алматыда оны Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қарсы алып, қаладағы негізгі туристік нысандармен таныстырып, өңірдің мәдени және табиғи әлеуетін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сапар барысында блогер Алматы қаласының бірқатар көрнекті орындарын аралады. Олардың қатарында Вознесенск кафедралды соборы, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Көктөбе және Медеу мұз айдыны бар. Сонымен қатар ол өңірдің этномәдени мұрасымен және туристік инфрақұрылымымен танысты.
 Алматыдан бөлек, Connor Алматы облысындағы танымал туристік бағыттарды да аралады. Автотур аясында ол Шарын шатқалында болып, Қазақстанның табиғи көрікті жерлері туралы фото және бейнематериалдар түсірді.

«Қазақстанның Туризм және спорт министрлігіне көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Әсіресе, Талғатты ерекше атап өткім келеді. Ол Қазақстан бойынша бүкіл турды өте жақсы ұйымдастырып, жоспарлады. Соның арқасында сапар әлдеқайда жайлы әрі қызықты өтті. Ол өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды және іске толықтай берілген. Кәсіби шаңғышы болмаса да, ол маршруттың барлық кезеңінде бізбен бірге жүріп, әрдайым жанымыздан табылды», – деп атап өтті блогер өз видеосында.

Оқи отырыңыз: Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды