Ана жүрегі – бейбіт өмірдің кепілі: Алматыдар ҚХА-ның республикалық форумы өтті

Басқосу Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ана жүрегі – бейбіт өмірдің кепілі». Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара қоғамдағы аналардың рөлін нығайтып, ұрпақтар сабақтастығы негізінде тәжірибе алмасуға бағытталған. Сондай-ақ форум жастарды тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған пікірталас алаңы болды. Одан бөлек қатысушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылады.

Айта кетейік, басқосу Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессияларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аналар» кеңесінің мәртебесін айқындап, олардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өткен. Президенттің айтуынша, «Аналар» кеңесі отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге айрықша үлес қосып келеді. Өйткені барлығының бастау алар тұғыры – отбасы. Ал отбасы – қоғам мен мемлекеттің ажырамас бөлшегі», – деді ҚХА Алматы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Хусеинова.

Оқи отырыңыз: Құқықтық диалог: Алматыда заң үстемдігінің жаһандық қоғамдастықтағы рөлі талқыланды

Новости партнеров